Текст
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің алға қойып отырған мақсаты бір. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі озық технологияларды жетік игеріп, оны өз тәжірибесінде күнделікті қызметінде пайдалана білу. Осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен шәкірт алдында өткізген әр бір сабағының қызықты да тиімді өткізуіне байланысты. Сапалы, тиімді, нәтижелі сабақ – әр бір ұстаздың тынымсыз еңбегінің жемісі.