Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балалар, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа өтініштер қабылдау басталады!
ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Қажетті құжаттар тізімі: * баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* 052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
* 3х4 өлшемді фотосуреттің екі данасы.