Елбасының - «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай мектебіміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты,еңбегі өте қарапайым және маңызды,жан-жақты білімді, өз міндетіне жауапты маман. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз.Біздер бос уақытымыздың барлығын осы кітапханада өткізуге, кітаппен достасуға, кітап оқуға, кітапханадағы жаңа ақпараттармен танысуға асығамыз