" Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Елтай ауылының бастауыш  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Ельтай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области " 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақтан ұлдар және қыздар арасында ашық жекелей біріншілігінде жүлделі 1 орын иеленді

18.02.2019

Таңғажайып тоғызқұмалақ

Өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отауды» орынын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз- тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте, жерде кішкентай шұнқырлар қазып,ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – «қазан», тоғыз-тоғыздан салатын шұңқырды – «отау» деп атаған.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды шаралардың бірі болып саналады. Ал тоғызқұмалақ нағыз зияткерлік ойын. Зияткерлік ойындар дегеніміз – адамның ойлау қабілетін, ой өрісін дамытатын спорт түрі, оның үстіне, зияткерлік ойындардың теориялық сипаты да зор екен. Сондықтан мен тоғызқұмалақ ойынын жастарға үйретуді негізгі мақсат еттік. Екіншіден, ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқұмалақтың тағылымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтары көп. Ата-бабамыздан аманат етіп қалдырылған бұл ойынды келесі ұрпаққа тапсырудың ен маңызды мен үшін өте зор, өйткені ұлттық тәрбие жалпы тәрбиенің негізін құрайды.

 Бір жылдың ішінде тоғызқұмалақ ойынын меңгеріп алдық та аудандық жарыста жеңімпаз атандық. осы жарыста Шарапатова Куралай 1 орын алды, Бегалы Мадина 3 орынды алды, ал ұлдар арасында Шапык Тамерлан 2 орын алды, Закириш Рахыман 3 орын алды. 

Біздің  басты мақсат оқушыларымызды ұлттық ойынға деген белсенділіктерін әрі қарай дамытып, арттыру. 

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст